Балаларды жарақаттанудан қалай сақтап қаламыз

НҰР-СУЛТАНДА ЗЕРТТЕУ НӘТИЖЕЛЕРІ МЕН ҰСЫНЫСТАР КӨРСЕТІЛЕДІ

29 Мамыр 2019
Дети играют на площадке рядом с домом в Казахстане
UNICEF/Zhagiparov

2019 ж. 29 мамыры, Нұр-Сұлтан - 30 мамырда Балалардың жарақаттануын алдын-алу Апталығының аясында Қазақстандағы балалардың жарақат алуын азайту мақсатында жасалатын шараларды нығайту үшін дөңгелек үстел өтеді.

Сарапшылардың бағалауынша, күтпеген жерден жарақат алудың салдарынан Қазақстанда күн сайын 3 балаға дейін жазым болып, ал 75 бала ауруханаға жатқызылуы мүмкін. Олардың себептері: күйік, суға батып кету, құлау, жол-көлік апаттары және т.б. болуы мүмкін.

Дөңгелек үстелге мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес сектор мен бизнес өкілдері қатысады. Қатысушылар елдегі жарақаттарға байланысты қазіргі жағдайды талқылап, халықаралық тәжірибемен танысады және келесі үш жылдықта балалардың жарақаттануын азайтуға бағытталған стратегияның жобасын қарастырады.

Дөңгелек үстелдің ұйымдастырушылары: Қазақстандағы Біріккен Ұлттар Ұйымының Балалар Қоры (ЮНИСЕФ) және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау орталығы.

Іс-шаранының өткізілетін орны мен уақыты: Нұр-Сұлтан қ., Москва Бизнес Орталығы, Достык к-сі, 18, «Астана» конференц залы, 4-қабат.

Басталуы: сағат 9.30.

Аккредитациядан өткен журналистер балалардан, ата-аналардан және келесі сарапшылардан сұхбат алуға мүмкіндігі болады:

  • Джоан Винсентен, ЮНИСЕФ-тің Германиядан келген халықаралық сарапшысы.
  • Юрий Оксамитный, ЮНИСЕФ-тің Қазақстандағы өкілі.
  • Анна Статовкина, ЮНИСЕФ-тің Балалардың өмірлік тұрақтылығы бойынша бағдарламалардың үйлестірушісі.

Аккредитация және қосымша ақпарат алу үшін байланыс ақпараты:

Асель Садуова, ЮНИСЕФ-тің Қазақстандағы қоғаммен байланыс маманы, тел.: +7 701 640 71 87; эл. пошта: asaduova@unicef.org

#Редакторлар үшін қосымша ақпарат

Балалардың жарақаттауын алдын-алу Апталығы жайында

Балалардың жарақаттануын алдын алу апталығы ата-аналардың, балалардың, мамандардың және бүкіл қоғамның балаға қауіпсіздікті қалай қамтамасыз ету керектігі жайлы хабардарлығын арттыру мақсатында, сондай-ақ тұншығу, құлау, күйіп қалу, жол-көлік оқиғаларына ұшырау, кішкентай заттарды жұтып қалу, тұншығып қалу сияқты байқаусыз жарақаттардың салдарынан болатын балалардың мүгедектігі мен өлімін болдырмау үшін өткізіледі. Жазғы уақыт - балалар үшін ең қауіпті кездің бірі, өйткені көптеген балалардың жарақаттануы осы шаққа келеді.

Балалардың жарақаттануын алдын алу апталығында ұсынылатын ЮНИСЕФ-тің зерттеуіне сәйкес  Қазақстандағы және әлемдегі балалардың өлімі мен емдеуге жатқызудың басты себептерінің бірі жарақат болып табылады. Денсаулық сақтау саласындағы республикалық электрондық орталықтың мәліметтері бойынша, 2017 жылы 1,283 бала жазым болған, ал 27,702 бала байқаусыз жарақат нәтижесінде ауруханаға жатқызылған. Бұл дегеніміз күтпеген жерден жарақат алғандықтан Қазақстанда күн сайын 3 балаға дейін жазым болып, ал 75 бала ауруханаға жатқызылатындығын білдіреді.

Мәселенің өзектілігін ескере отырып, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, олардың өмірі мен денсаулығын қорғау үшін бүкіл қоғам болып бірігіп іс-әрекет жасауымыз қажет.

ЮНИСЕФ туралы

ЮНИСЕФ әлемдегі ең қиын халге түскен балаларды қамту үшін әлемнің ең қауіпті жерлерінде жұмыс жасайды. 190 астам елде және аумақта біз әрбір бала үшін, барлық жерде баршаға арналған жақсырақ әлем құру үшін жұмыс жасаймыз. ЮНИСЕФ және оның жұмысы жайлы қосымша ақпараты сайттан көре аласыздар: https://www.unicef.org/kazakhstan

ЮНИСЕФ Қазақстанның Instagram, Facebook және Twitter әлеуметтік желілеріндегі парақшаларыңа жазылыңыздар.

Медиа байланыс

Әсел Садуова

Қоғаммен байланыс маманы

ЮНИСЕФ

Тел: +7 (7172) 32-28-78 (144)

ЮНИСЕФ ТУРАЛЫ

ЮНИСЕФ  барынша мұқтаж балаларды қамту мақсатында бірқатар елдерде және аумақтарда өте қиын жағдайларда жұмыс істейді. Біз  әр баланың игілігі үшін барша баланың әлемін жақсарту тырысып, өз қызметімізді 190 елде және аумақта іске асырамыз.

ЮНИСЕФ жұмысы бойынша толық ақпарат www.unicef.org.сайтында. 

Біздің Instagram, Facebook және Twitter-дегі парақшаларымызға жазылыңыз.