Артур ван Дизен ЮНИСЕФ-тің Қазақстандағы жаңа Өкілі болып тағайындалды

Артур Ван Дизен ЮНИСЕФ-тің жаңа Өкілі болып тағайындалды

06 Маусым 2019
Артур ван Дизен
UNICEF/Zhagiparov

2019 ж. 6 маусымы, Нұр-Сұлтан  - Қазақстандағы БҰҰ-ның Балалар қорының (ЮНИСЕФ) өкілдігін шамамен 4 жыл бойы басқарған Юрий Оксамитныйдың орнына  Артур Ван Дизен ЮНИСЕФ-тің жаңа Өкілі  болып тағайындалды.

Артур ван Дизен Нидерландының азаматы болып табылады. ЮНИСЕФ-тің Қазақстандағы кеңсесінің Өкілі болып тағайындалғанға дейін, Артур Ван Дизен Таяу Шығыс пен Солтүстік Африкадағы ЮНИСЕФ-тің әлеуметтік саясаты бойынша Аймақтық Кеңесшісі (2015-2019) болған, сондай-ақ Тәжікстандағы ЮНИСЕФ Өкілінің Орынбасары (2010-2015) болған.

ЮНИСЕФ-ке келгенге дейін Артур Ван Дизен Ұлыбританияның халықаралық даму департаментінде, БҰҰДБ және бірнеше халықаралық ҮЕҰ-да жұмыс істеген. Ол Африкада, Оңтүстік және Орталық Азияда және Таяу Шығыста қызмет атқарған.

Артур Ван Дизен әлеуметтік саясат саласында, қолданбалы әлеуметтік зерттеулерде, мониторинг пен бағалауда және бағдарламаларды басқаруда 25 жылдан астам тәжірибесі бар. Білімі бойынша әлеуметтанушы, Нидерландыдағы Тильбург университетінде магистр дәрежесін алған. Үйленген, үш қыздың және бір ұлдың әкесі.

 

ЮНИСЕФ туралы

ЮНИСЕФ әлемдегі ең қиын халге түскен балаларды қамту үшін әлемнің ең қауіпті жерлерінде жұмыс жасайды. 190 астам елде және аумақта біз әрбір бала үшін, барлық жерде баршаға арналған жақсырақ әлем құру үшін жұмыс жасаймыз. ЮНИСЕФ және оның жұмысы жайлы қосымша ақпараты сайттан көре аласыздар: https://www.unicef.org/kazakhstan

ЮНИСЕФ Қазақстанның Instagram, Facebook және Twitter әлеуметтік желілеріндегі парақшаларыңа жазылыңыздар.

Медиа байланыс

Зарина Нурмухамбетова

ЮНИСЕФ-тің қоғаммен байланыс бөлімінің үйлестірушісі

Тел: +7 (7172) 32-28-78 (112)

Әсел Садуова

Қоғаммен байланыс маманы

ЮНИСЕФ

Тел: +7 (7172) 32-28-78 (144)

ЮНИСЕФ ТУРАЛЫ

ЮНИСЕФ  барынша мұқтаж балаларды қамту мақсатында бірқатар елдерде және аумақтарда өте қиын жағдайларда жұмыс істейді. Біз  әр баланың игілігі үшін барша баланың әлемін жақсарту тырысып, өз қызметімізді 190 елде және аумақта іске асырамыз.

ЮНИСЕФ жұмысы бойынша толық ақпарат www.unicef.org.сайтында. 

Біздің Instagram, Facebook және Twitter-дегі парақшаларымызға жазылыңыз.